Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 27 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 қаңтарда № 5861 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 21.12.2018 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 23 қарашадағы № во 3-4/111 ұсынысына сәйкес, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің "Рахат" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығанақ Берсиев атындағы
ауылдық округ әкімінің міндетін
уақытша атқарушы:
Н. С. Ертемирова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады