Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 – 1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2018 жылғы 26 қарашадағы № 2–13/141 ұсынысына сәйкес, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің "Рахат" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан жұқпалы бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық - санитариялық іс – шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары алынсын.
2. Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 27 "Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5861 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған.) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ойыл аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді бастап басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
А. Ж. Избасов |