1. Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі аумағының ұсақ малдары арасында пастереллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 23 "Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5111 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 қарашада "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көптоғай ауылдық округінің әкімі | Г. Амирова |