Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 23 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 қазанда № 5111 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 04.01.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 15 тамыздағы № ВО 3-4/125 ұсынысы негізінде Көптоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Көптоғай ауылдық округінің аумағының ұсақ малдары арасынан пастереллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Көптоғай ауылдық округінің әкімі Ғ. Амирова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады