Шектеу іс- шараларын алу және Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 22 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 маусымда № 5542 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 16 мамырдағы № ВО 3-4/47 санды ұсынысы негізінде Көптоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

      1. Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округінің "Майдан" шаруа қожалығы аумағындағы ұсақ малдары арасында бруцеллез ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.

      2. Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 22 "Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4624 болып тіркелген, 2015 жылдың 19 желтоқсандағы "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көптоғай ауылдық округінің әкімі Г.Амирова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады