Сарбие ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 7 "Сарбие ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарбие ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 5462 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Сарбие ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарбие ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 7 "Сарбие ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-95 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қазанда аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі 1, 2 тармақтарында "аула" сөздері "села" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сарбие ауылдық округінің әкімі Б. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады