Сарбие ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарбие ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 7 шешімі. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 қазанда № 3-11-95 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі 1, 2 тармақтарындағы "аула" сөздері "села" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарбие ауылдық округі әкімінің 29.03.2017 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасыдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Сарбие ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарбие ауылдық округі әкімінің 21.09.2018 № 07 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Сарбие ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Бейбітшілік

      2) Жекенді

      3) Астана

      4) Ақтөбе

      5) Құрманғазы

      6) Махамбет

      7) Жастар

      8) Әйтеке би

      9) Ә.Молдағұлова

      10) Желтоқсан

      11) Жеңіс

      12) Исатай

      2. Қаракөл ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Абай

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарбие ауылдық округінің әкімі: Б. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады