2012 жылғы 16 мамырдағы № 58 "Ойыл ауылдық округі Ойыл ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 45 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 сәуірде № 5380 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қонституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес, Ойыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ойыл ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 58 "Ойыл ауылдық округі Ойыл ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-113 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 маусымда аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің қазақ тіліндегі кіріспе бөлігінде "селосы" сөзі "ауылы" сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің орыс тіліндегі 1 тармақтағы "Уиллского" сөзі "Уилского" сөзімен ауыстырылсын;
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ойыл ауылдық округі әкімі Д. Бисебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады