Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 14.03.2023 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Хромтау қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Бердалин |
Хромтау ауданы әкімдігінің | |
2017 жылғы 07 маусымдағы | |
№ 137 қаулысына қосымша |
Хромтау қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№ | Арнайы бөлінген орындар |
1 | Шоқан Уалиханов көшесі, № 3, № 5 үйлердің арасында |
2 | Әлия Молдағұлова көшесі, № 1 үйдің артында |