Хромтау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 71 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 наурызда № 8314 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Хромтау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Хромтау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 137 "Хромтау қаласының аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5548 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау ауданының әкімі А. Бекет

  қаулысына қосымша
Акимат Хромтауского района
от 14 марта 2023 года № 71

Хромтау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасқан алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Хромтау қаласы, Орталық саябақтың аумағында, субұрқаққа қарама-қарсы

120

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

жоқ

2

Хромтау қаласы, Абай даңғылы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы прокуратурасы ғимараттарының оң жағында

27

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

"Сабыр", "Дәурен" дүкендері

3

Хромтау қаласы, Жеңіс даңғылы, "Қазақстан Халық банкі Акционерлік қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының Хромтау аудандық басқармасы" ғимаратының сол жағында

120

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

жоқ

4

Хромтау қаласы, Есет Батыр көшесі, "Баян" сауда үйі ғимаратының оң жағында

20

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

"Баян" сауда үйі

5

Хромтау қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, "Фердаус" дүкенінің оң жағында

120

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

"Фердаус" дүкені

6

Хромтау қаласы, Әліпов көшесі, "Саяхат" автобекетіне қарама-қарсы

80

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

"Саяхат" авто бекеті

7

Хромтау қаласы, Жеңіс көшесі, "Балдаурен" балалар ойын-сауық орталығына қарама-қарсы

210

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

жоқ

8

Абай ауылы, Мектеп көшесі, № 9 үйдің оң жағында

100

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

жоқ

9

Ақжар ауылы, Әйтеке би көшесі, "Ақжар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

100

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

жоқ

10

Бөгетсай ауылы, Сырлыбай Бекбаев көшесі, № 4 үйге қарама-қарсы

40

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

жоқ

11

Дөң ауылы, Тұрлыбаев көшесі, "Астана" дүкенінің оң жағында

50

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

"Астана" дүкені

12

Көктау ауылы , Геологтар көшесі, № 5 үйдің оң жағында

60

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

жоқ

13

Қызылсу ауылы, Абай көшесі, "Қызылсу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

50

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

жоқ

14

Майтөбе ауылы , "Майтөбе орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оң жағында

40

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

жоқ

15

Құдықсай ауылы, Мектеп көшесі, № 1 үйдің оң жағында

30

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

жоқ

16

Құдықсай ауылы Жеңіс көшесі, № 8 үйдің оң жағында

40

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

жоқ

17

Қопа ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі, № 10 үйдің оң жағында

57

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

"Тағам" дүкені

18

Никельтау ауылы, Мектеп көшесі, № 5 үйдің сол жағында

100

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

жоқ

19

Тасөткел ауылы, Сай көшесі, Тасөткел ауылдық клубының оң жағында

48

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

жоқ

20

Табантал ауылы, Табантал ауылдық медициналық пунктіне қарама-қарсы

50

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

жоқ

21

Тассай ауылы Есет Батыр көшесі, "Алсу" дүкенінің оң жағында

50

5

Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар

"Алсу" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады