Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Дөң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Дөң ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 16 "Дөң" ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-71 тіркелген, 2008 жылы 18 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Дөң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дөң ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Е. Избастин |