Шалқар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 103 "Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 84 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 наурызда № 5321 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 202 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 202 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 103 "Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-96 тіркелген, 2009 жылы 18 ақпандағы "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің атауында, мәтінінде және 1 қосымшасындағы "ставкасын", "ставкасы", "ставкалары", "№ 1 қосымшаға", "1 қосымша" сөздері "мөлшерлемесін", "мөлшерлемесі", "мөлшерлемелері", "қосымшаға" және "қосымша" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
Шалқар аудандық мәслихатының
хатшысы
С. Бигеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады