Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 мамырда № 5483 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 19.09.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 01 ақпандағы № 16-8/30 ұсынысы негізінде, Айшуақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түйелердің арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты Айшуақ ауылдық округінде орналасқан "Қуан" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Айшуақ ауылдық округінің әкімі А. Саттыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады