Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 18 шілдедегі № 16-8/66 ұсынысы негізінде, Айшуақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Айшуақ ауылдық округіндегі "Қуан" шаруа қожалығының аумағындағы түйелердің арасында құтыру ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5483 тіркелген, 2017 жылғы 18 мамырдағы "Шалқар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айшуақ ауылдық округінің әкімі | А. Саттыков |