Шалқар ауданы Жаңақоныс селолық округі әкімінің 2011 жылғы 26 қазандағы № 4 "Жаңақоныс ауылдық округінің көшелерін атау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 маусымда № 5518 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар ауданы Жаңақоныс селолық округі әкімінің 2011 жылғы 26 қазандағы №4 қазақ тіліндегі "Жаңақоныс ауылдық округінің көшелерін атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-160 тіркелген, 2011 жылғы 30 қарашада аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақоныс ауылдық
округі әкімінің міндетін атқарушы
М. Каюпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады