"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына және "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығымен бекітілген Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11151 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жеміс-жидек дақылдарының көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруге (оның ішінде қалпына келтіруге) арналған субсидиялардың нормалары (1 гектарға) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы" 2016 жылғы 25 тамыздағы № 442 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3947 тіркелген, 2016 жылдың 6 қыркүйегінде "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы "17" сәуірдегі № 151 қаулысына қосымша |
Алманың "Апорт" сортын отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялар нормалары (тіреуіш бағаналарын орнатуға арналған шығындарды қоспағанда)
теңге/ гектар
Отырғызу және өсіру | 2 өсу жылы | 3 өсу жылы | ||||
барлық шығындары | субси диялар норма сы (40%) | барлық шығындары |
субси диялар норма | барлық шығындары |
субси | |
| 1 695 800 | 678 320 | 440169 | 176068 | 440664 | 176266 |
Кестенің жалғасы
4 өсу жылы | 5 өсу жылы | 6 өсу жылы | 7 өсу жылы | ||||
барлық шығындары | субси диялар норма сы (40%) | барлық шығындары | субси диялар норма сы (40%) | барлық шығындары | субси диялар норма сы (40%) | барлық шығындары | субси диялар норма сы (40%) |
| 196776 | 441939 | 176776 | 446614 | 178646 | 496614 | 198646 |
Ескертпе: Алманың "Апорт" сортының отырғызылатын көшеттерінің телітушісі Сиверс немесе Недзвецкого болуы тиіс