Алматы облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы. орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 232 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 28 маусымда № 4258 болып тіркелді

      "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-1-тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Байжановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы "29" мамырдағы № 232 қаулысына қосымша

Алматы облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы (бұдан әрі - Сыныптама) Алматы облысының елді мекендерінің көшелерін (бұдан әрі - көшелер) және ондағы құрылыстарды күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін белгілейді.

      2. Сыныптама жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қолданылады.

      3. Осы Сыныптамада келесі анықтамалар қолданылады:

      1) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару - бұл үнемді негізделген жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын әзірлеу арқылы оларға диагностикалау мен мониторинг жүргізудің негізінде автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстардың қажетті техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыратын және регламенттейтін жұмыстар кешені;

      2) автомобиль жолдарының жай-күйіне мониторинг жүргізу – бұл пайдалану және қоршаған ортаның ықпал етуі нәтижесінде олардың жай-күйіне мүмкін болатын антропогендік өзгерістерін қадағалау мен бақылау, бағалау мен болжамдау жүйесі;

      3) автомобиль жолдарын маршрутты жөндеу тәсілі - бұл көлік қозғалысы үшін қауіпті ақаулықтарды жою бойынша және жергілікті учаскелердегі жол жабынының тегістігін қалпына келтіру бойынша жұмыстарын қоса алғанда, маршрут бойынша орындалатын жөндеу жұмыстарының кешені;

      4) жол жамылғысы - бұл автокөлік құралдарынан түсетін салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретін автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерінің шегіндегі көп қабатты құрылғы;

      5) жол жамылғысы қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл жол құрылысының көтеру қабілеттілігін (күшейту) арттырумен байланысты кезекті күрделі жөндеуге дейінгі құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделі жөндеуден кейін жолды пайдалануға тапсырған күннен басталған кезең;

      6) жол жабыны қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл тозу қабатын қалпына келтіру және тегістілік пен көлік қозғалысының қарқындылығы бойынша қажетті маңыздылығына дейін ұқсас сапаларын орнына келтірумен және ақауларды жоюмен байланысты кезекті орташа жөндеу орындауға қажеттілік туындағанға дейін құрылыс, қайта жаңарту, күрделі немесе орташа жөндеуден кейін жолды пайдалануға тапсырған уақыт кезеңі;

      7) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясы – бұл бөлінетін ресурстарды тиімді пайдалану кезінде автомобиль жолдары мен жол құрылыстары желісінің көліктік-пайдалану жай-күйін сақтау және жақсарту бойынша аса тиімді ұзақ уақытты техникалық шешімдерді және басқаратын ықпал етулер кешені;

      8) автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау - автомобиль жолдарын және ондағы құрылыстарды қар басып қалудан қорғауға, оны уақтылы тазартуға және жол жамылғысының қысқы тайғақтығымен күресуге байланысты айрықша жұмыстар кешені.

      4. Автомобиль жолдарының құрамына: бөлінген белдеулер, жолдардың құрылымдық элементтері, жолдарды жайластыру және абаттандыру, су жібергіш және су өткізгіш құрылыстар, көпірлер, жол өткізгіштері, көлік айрықтары, қорғау галереялары, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман алқаптары, гүлзарлар, гүл бақтары, гүл бақшалары, қолдан отырғызылған ағаштар, желілі тұрғын үй ғимараттары мен жол-пайдалану қызметтерінің кешендері және белгіленген габариттің шегінде олардың төбесіндегі ауа кеңістігі кіреді.

      5. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды пайдалану жұмыстарын жүргізуге нақты бөлінген қаржы ресурстары автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін тексеру және диагностикалау материалдары негізінде белгіленген өткізілетін жөндеу жұмыстарының түрлеріне және жол-жөндеу жұмыстарының әзірленген стратегиясына қарай бөлінеді.

      6. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын сыныпталатын жұмыс түрлері жол саласында қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес орындалады.

      7. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару өзіне келесі жұмыстарды енгізеді:

      1) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;

      2) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан алдын ала сақтау;

      3) алдыңғы қатарлы тәжірибе және ғылым мен техникаға қол жеткізу негізінде автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, қайта жаңарту, пайдалану бойынша нормативтік-техникалық базаны жетілдіру және өзектендіру;

      4) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстау бойынша технологияны жетілдіру және жұмыстарды ұйымдастыру;

      5) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару бойынша жұмыстарды орындауды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау;

      6) технологиялық сүйемелдеу және жөнделген учаскелердің мониторингін ұйымдастырумен, автомобиль жолдарын ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың шегінде автомобиль жолдарының тәжірибелі учаскелерін ғылыми, техникалық сүйемелдеу және мониторинг.

      8. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды диагностикалау мен мониторингі бойынша жұмыстарыдың құрамына:

      1) жолдар мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау сапасын бағалау арқылы жүйелі түрде (көктемгі, күзгі және айлық) қарау;

      2) жолдар мен ондағы құрылыстардың техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін бағалау арқылы көзбен шолу және аспаптық тексеру, жолдар мен ондағы құрылыстарды паспорттандыру;

      3) жолдардағы көлік қозғалысының қарқындылығы мен құрамын есепке алу;

      4) жолдар мен ондағы құрылыстардың техникалық деңгейі және көліктік-пайдалану жай-күйі туралы бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес мәліметтер банкісін қалыптастыру, үнемі жаңарту және жұмыс күйінде ұстау;

      5) ғылыми-техникалық сараптама және объектілерді инспекциялау, соның ішінде жедел шешімдер қабылдауды талап ететін төтенше жағдайларда және өзге жағдайларда материалдар мен жұмыстардың сапасын бағалау кіреді.

      9. Жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қаржы ресурстарын жоспарлау бойынша жұмыстар құрамына:

      1) жолдар және ондағы құрылыстардың көлік-пайдалану жай-күйі туралы бірыңғай ақпараттық деректер банкін құру, әкімшілік ету және басқару;

      2) жолдар және ондағы құрылыстардың көлік-пайдалану жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкінің талдауының негізінде күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды негіздеу;

      3) жолдар желісінің жай-күйін болжамдау арқылы жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын өңдеу. Жол-жөндеу жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын, соның ішінде жолдардың желісін күтіп ұстау жоспарларын құру;

      4) жолдар желісін талап етілетін пайдалану жай-күйінде сақтау және күту үшін қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;

      5) жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО) шоғырланатын жерлерді жою бойынша бағдарламалар әзірлеу кіреді.

      10. Жолдарда көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша жұмыстар құрамына:

      1) автокөлік ағындары қозғалысының тәртібін оқып-білу, жолдарды белгілеу сызбасын әзірлеу, жол белгілерін дислокациялау, қозғалыс жылдамдығын реттеу, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыру;

      2) ЖКО талдау, ЖКО болған орындарды тексеру, себептерін анықтау және жол қозғылысы қауіпсіздігінің талаптарын жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындау;

      3) қозғалыс қауіпсіздігі тұрғысынан аса қауіпті жол учаскелерін анықтау және авариялардың алдын алуға арналған профилактикалық іс-шараларды әзірлеу;

      4) бөлінген белдеулер шегінде құрылыс жұмыстарын өндіруді келісу;

      5) автомобиль жолдары мен құрылыстардың коммуникациялар мен инженерлік желілерімен қиылысуна және жанасуына техникалық талаптарды әзірлеу және келісу;

      6) желілі жол қызметтерінің жұмыскерлерін жолдарда жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелеріне үйретуді ұйымдастыру;

      7) жол бойындағы су көздерінде ауыз судың жай-күйіне санитарлық қадағалау жүргізуге келісімдер жасасу және олардың орындалуын бақылау;

      8) өртке қарсы іс-шараларды қадағалау және жетілдіру жөніндегі өртке қарсы қызметтері ұйымдарымен келісімдер жасасу, өртке қарсы сигнал берулерге, электрмен жарықтандыруға және тағы басқа жоспарлы тексеру және сараптама жүргізу және олардың орындалуын бақылау кіреді.

      11. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан сақтап қалу бойынша жұмыстар құрамына:

      1) автомобиль жолдарын пайдалану және оларды қорғау тәртібін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;

      2) ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының жол жүруін келісу;

      3) үлкен салмақты көліктің жол жамылғысы мен ондағы құрылыстардың сақталуына ықпал етуіне талдау жасау және қолайсыз ауа-райы жағдайларында, сондай-ақ жол жамылғысы жеткіліксіз беріктелген әлсіз учаскелерде үлкен салмақты көліктің қозғалысын шектеуді немесе ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлеу кіреді.

      12. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстау технологиясы мен ұйымдастыруды қоса алғанда, оларды жөндеу мен күтіп ұстаудың нормативтік-техникалық базасын жетілдіру және өзектендіру бойынша жұмыстар құрамына:

      1) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, қайта жаңарту, пайдалану жөніндегі нормативтік-техникалық базаны және нормативтік-техникалық құжаттарды тексеру, жаңарту және жетілдіруді қоса алғанда стандарттаудың және оларды іске асырудың перспективалы және ағымдағы жоспарларын қалыптастыру;

      2) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жаңа технологияларға, машиналарға және құрал-жабдықтарға хронометражды жұмыстар жүргізу арқылы нормалар мен бағаларды әзірлеу;

      3) технологиялар, материалдар, машиналар және құрал-жабдықтар бойынша әлемдік тәжірибені және ғылым мен техникаға қол жеткізуді оқып-білу, автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстау тәжірибесіне оларды енгізу бойынша ұсыныстар мен қорытындыларды әзірлеу;

      4) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстардың ұзақтылығын және үнемділігін арттыру мақсатында оларды жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы өзекті проблемалар бойынша іздестіру және инновациялық жұмыстары кіреді.

      13. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстардың пайдаланылуын басқаруды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау бойынша жұмыстар құрамына:

      1) автомобиль жолдары желісін мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау бойынша жол-жөндеу жұмыстарының орындалуын үйлестіру және реттеу;

      2) жолдарды күтіп ұстау мен ағымдағы жөндеу кезінде сапаны бақылауды ұйымдастыру, бақылау жүйесін жетілдіру және жол-жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, сапаны бақылауды аспаптық қамтамасыз ету;

      3) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқарудың құрылымы мен әдістерін үнемі жетілдіру кіреді.

2. Көшелер мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау

      14. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау бойынша жұмыстары жыл бойы үздіксіз жүзеге асырылады.

      Жолдар мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу мақсатында, оларды көзбен көріп тексеру патрульдеу арқылы жүзеге асырылады.

      Күтіп ұстауға арналған қаражаттардың шегінде, ақаулардың ведомосі бойынша тексерілген жолдардың нәтижелерінің негізінде жоспарланатын, жол және ондағы құрылыстардың зақымдарын алдын алу және түзету бойынша жұмыстарды орындау көзделеді.

      15. Жолдарды күтіп ұстау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жыл бойы көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз және жайлы қозғалысы қамтамасыз етілуі қажет.

      16. Күтіп ұстау бойынша жұмыстар жобалық құжаттаманы жасауды талап етпейді. Оларды күтіп ұстауға бөлінген қаражат шегінде ақаулықтар ведомосі бойынша жолдарды тексеру нәтижесінің негізінде жоспарлайды.

      17. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар көктемгі, жазғы және күзгі кезеңде күтіп ұстау, қысқы күтіп ұстау, жолдарды көгалдандыру және өзге жұмыстарға бөлінеді.

      18. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша жұмыстарының құрамына күн сайын жыл бойы ақпаратты жинау, өңдеу және ұсыну кіреді, соның ішінде:

      1) болған ЖКО туралы;

      2) қысқы уақытта қар тазалайтын машиналар мен механизмдердің жұмысы туралы.

      19. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы кезеңдерде күтіп ұстау кезінде, яғни жыл сайын келесі жұмыстарды орындайды:

      1) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстардың жай-күйін патрульдік қадағалау;

      2) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша:

      су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыс пен балшықтан тазалау;

      жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу;

      жиектерді жоспарлау, шөптермен себу;

      шабу және шабылған шөптерді жинау;

      шабылған материалдарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жер жамылғысының жиектері мен шеттеріндегі бұталарды шабу және ағаштарды, жабайы өсетін бұталарды тамырымен жұлу;

      материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерін жоспарлау;

      жеке учаскелердегі көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себу арқылы жиектерді және бермдерді себу, кесу және жоспарлау;

      иірім учаскелерді жою;

      опырылған, мүжілген және сең шығарындыларын тазалау;

      жиектерді себу және бекіту;

      жеке элементтерін ауыстыру және жаңа материалдарды пайдалану арқылы жер төсемі, су қайтарғыш, резервтер, бермдер, қорғаныс, бекіту және реттегіш құрылыстарының жеке бұзылуларын түзету;

      көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін материалдарды қосу немесе қоспау арқылы жиектерді және бермдерді кесу және жоспарлау;

      үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін жою, шайылуларды себу;

      қураған ағаштарды шабу және тамырландыру;

      арық жүйесін жөндеу немесе ауыстыру;

      3) жолға бөлінген белдеулер бойынша:

      су ағысын қамтамасыз ету үшін жолға бөлінген белдеуді жоспарлау;

      жолға бөлінген белдеудегі қоқысты жинау, тиеу, шығару және жаратуға беру;

      шабылған материалдарды тиеу, шығару және жаратуға беру арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін ағаштарды, бұталарды, жабайы өсетін бұталарды шабу және тамырымен жұлу;

      жолға бөлінген белдеулерді шабу және шабылған шөптерді, қамыстарды және қурайларды жинау, тиеу, шығару және жаратуға беру;

      еріген және тасқын суларды жіберуді қамтамасыз ету үшін материалдарды қосу арқылы жолға бөлінген белдеулерді жоспарлау;

      4) күрделі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      жүру бөлігін тазалау және жуу;

      жарықшақтарды құю;

      шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жиектерді тегістеу;

      төсемдегі шорлар мен қауіпті тегіссіздікті кесу, ойыстарды бітеу;

      жүру бөлігін белгілеу;

      ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындарды ішінара жөндеу, шұңқырды жөндеу);

      апатты-қауіпті учаскелерді маршруттық тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу);

      автомобиль жолдарына маршруттық тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау бойынша, сондай-ақ маршрут бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды қамтитын, оның ішінде ресайклинг әдісімен жөндеу жұмыстары кешені жүргізіледі. Жөндеудің маршруттық тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас маршруттың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.

      Жұмыстар ақаулықтар ведомосі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтар мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол ұйымдарының күштерімен орындалады;

      5) жетілдірілген жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп ұстау;

      жарықшақтарды құю;

      шұңқырларды жою, жарықшақтарды, соқпақтарды, отырыңқы жерлерді бітеу, жол учаскесінің жиектерін тегістеу;

      жүру бөлігін белгілеу;

      ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындарды ішінара жөндеу, шұңқырды жөндеу);

      апатты-қауіпті учаскелерді маршруттық тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу);

      жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу;

      автомобиль жолдарына маршруттық тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау бойынша, сондай-ақ маршрут бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің маршруттық тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас маршруттың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.

      Жұмыстар ақаулықтар ведомосі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол ұйымдарының күштерімен орындалады;

      6) өтпелі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      төсемді балшықтан тазалау;

      төсемді сумен шаңсыздандыру;

      материалдар қосу арқылы төсемді кескіндеу және нығыздау;

      төсемдерге тас үгінділері мен иленділерді үю, катундарды жинау;

      шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталын материалдарды қосу немесе қоспау арқылы қалпына келтіру;

      шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталын қалпына келтіру;

      7) топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жүру бөлігі бойынша:

      материалдарды қосу арқылы пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегіссіздіктерді жою үшін төсемді кескіндеу;

      тегістеу - ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүргізілетін профилактикалық іс-шара;

      жолдарды хлорлы кальций, битум және басқа материалдармен шаңсыздандыру;

      қиыршықтасты жолдың жүру бөлігін тұтқыр материалдармен шаңсыздандыру;

      8) жолдарды абаттандыру және жағдайы, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша:

      шу жолақтарын салу және жөндеу;

      жетіспейтін белгілерді, қоршауларды орнату, бұзылуларды түзету, жол белгілері мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды, жол жиектастарды орнату және жөндеу, жолды жайғастыру элементтерін қалпына келтіру;

      сәулет безендірулері мен абаттандыру элементтерінің жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;

      автопавильондар, жол белгілері, қоршаулар және автомобиль жолдарының басқа жайғастыру элементтерін жөндеу, сырлау және ақтау, тік және көлденең белгілерді түсіру;

      қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгілерді және қалқандарды үнемі тексеру, бекіткіштерін тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;

      автобус аялдамаларын, автопавильондарды кезеңді тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;

      қозғалысты және жарықтандыруды ұйымдастыру бойынша құралдарды күтіп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;

      жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау;

      жолдарды, көпірлерді, жол өткізгіштерді, көлік айрықтарын және басқа жол құрылыстарын электрмен жабдықтау желілерін тазалықта және ретке келтіріп ұстау, істен шыққан шамдарды, шамшырақтарды, сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды, жарық тіреулерін және басқа электрмен жабдықтау элементтерін ауыстыру және жаңаларын монтаждау, трансформаторларды техникалық байқау, радио байланысын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін тазалықта және ретке келтіріп ұстау;

      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру объектілерін жеке бұзылулардан және ақаулықтардан жөндеу;

      өлшеу құралдарын, жабдықтарды қондыру, жөндеу және күтіп ұстау және автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін бағдарламалық қамтамасыз ету;

      өткел жолдарын жөндеу;

      жол учаскелеріндегі қолданыстағы аяқ жолдарды және жаяу жүргіншілер жолдарын, оның ішінде жол үстіндегі жол өтпелерін жөндеу;

      автокөлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату, жөндеу және ауыстыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      жарық шағылыстыратын элементтерді орнату және ауыстыру, сондай-ақ оларды балшықтан және қардан тазарту;

      9) жасанды құрылыстар бойынша:

      жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;

      тапсырыс берушінің нұсқамасы бойынша жол қауіпсіздігін негізге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету және қондыру;

      көпірлердің металлды элементтерінің сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) қалпына келтіру;

      жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;

      жинау техникасы өткеннен кейін аяқ жолдардың бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау;

      қар тазалайтын техника өткеннен кейін аяқ жолдардың бойындағы жүру бөлігін қар мен мұздан тазалау;

      су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау;

      сорғылардан болған деформациялық жіктерінің су қайтаратын науаларын тазалау;

      аяқ жолдарды балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;

      суды жіберуге арналған аяқ жолдар шығырларындағы терезелерді тазарту;

      көпірдің аяқ жол мен жүру бөлігінің арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты білеуінің астындағы кеңістікті балшықтан, қардан және мұздан тазалау;

      сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белгілерін балшық пен қардан тазалау;

      тіректердің бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен балшықтан, қар мен мұздан тазалау;

      конустар мен еңіс бекіністерін балшықтан, шөптен және талдардан тазалау;

      көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру;

      темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;

      жолдар мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, кептелуден, орман және дала өрттерінен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары;

      көпірлердің темір элементтерін жергілікті сырлау;

      көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;

      деформациялық жіктерді ұсақ жөндеу;

      деформациялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;

      деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктердің алдындағы төсемді алмастыру;

      аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін және реттеу құрылыстарын жою;

      үйіндісі бар көпірлердің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды себу, осы жерлердегі суды бір уақытта жою;

      тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу;

      құбырлардың гидрооқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;

      көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;

      құбырлардың жеке зақымдалған буындарын, бастарын, жиектердін қанаттарын, арнаның шығыс және кіріс бекінісін жөндеу және алмастыру және құбырдың науасын түзету, нобайланған тасты қалпына келтіру;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      10) қысқы күтіп ұстау бойынша қосымша жұмыстарға жататындары:

      көк тайғаққа қарсы материалдарды әзірлеу;

      көк тайғаққа қарсы материалдарды дайындау;

      қардан қорғану құралдарын (қалқандар, қоршаулар, шарбақтар және сол сияқтылар) әзірлеу;

      жол белгілері мен тосқауыл қоршауларын қарлы борасындардан тазалау;

      автобус аялдамаларын және павильондарды қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау;

      қар көшкініне қарсы іс-шараларды жүргізу;

      тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететін жол белгілерін орнату.

      20. Автомобиль жолдарын көгалдандыру сәулеттік-көркемдік безендіру үшін орындалады. Көгалдандыру гүлзарларды, гүл бақшаларын, көгал алаңдарын күтуді, оларды жасау, қалпына келтіру және сәнді безендіруді құрайды.

      21. Гүлзарларды, гүл бақшаларын, көгал алаңдарын және сәнді өсімдіктерді күтуге келесі жұмыстар жатады:

      жер қыртысын дайындау;

      көшеттерді өсіру;

      отырғызу, суару және отау;

      арам шөптерді жинау;

      күзде біржылдық өсімдіктерді жинау.

3. Көшелер мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу

      22. Автомобиль жолын ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, автомобиль жолдарында авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолын шұғыл қалпына келтіру және тәртібімен орындалатын жұмыстар кешенін қарастырады.

      Ол ағымдағы жөндеуге бөлінген қаржы шегінде ақаулықтар ведомосі бойынша жолдарды тексеру нәтижелері негізінде жоспарланады. Жұмыстарды маршруттық тәсілмен орындау кезінде жұмыстарды сметалық есептер негізінде орындауға жол беріледі. Мүмкін болатын үдеудің және олардың аса маңызды бұзылуларға айналуының алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберінде ақаулықтар мен бұзылуларды жою бойынша жұмыстарын толығымен орындамауға жол берілмейді.

      23. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу кезінде келесі жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және су қайтарғыш бойынша:

      дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша учаскелерін көтеру және кеңейту, кішкене иірім учаскелерді жою;

      қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;

      тұрақты шымды жабынды құру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізу арқылы жер төсемі мен резервтердің жиектерін шөппен себу, опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау;

      жиектерді себу, шабу, жоспарлау және бекіту;

      тал және тасқын суларды жіберуді қамтамасыз ету үшін материалдарды қосу арқылы жолға бөлінген белдеуді жоспарлау;

      2) жасанды құрылыстар бойынша:

      аяқ жолдардың ақаулық жіктерді алмастыру;

      үйінділерімен жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;

      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);

      аяқ жолдарға гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;

      су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;

      оқшаулауды салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;

      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;

      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және тағы басқалары);

      көпірдің жүру бөлігіндегі төсемдерді қалпына келтіру немесе алмастыру;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      аяқ жолдарды, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;

      жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;

      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;

      орлар арқылы өтпелi және көшпелi көпiрлердi ауыстыру және түзету;

      ашпаларға қарай өтпелi тақталардың жанасу тораптарын герметизациялау;

      деформациялық жiктердiң ағуын бұрандамаларды тарту арқылы жою;

      сырғанау тақталарының деформациялық жiктерiн дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетiспейтiн серiппелердi орнату;

      деформациялық жiктердiң механизмдерi мен құрылғыларын ұсақ жөндеу;

      құбырлардың гидрооқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;

      су өткізгіш құбырларды жөндеу;

      3) байланыс, жарықтандыру, қозғалысты ұйымдастыру объектiлерi, жолдарды салу және жайластыру бойынша:

      жол учаскелеріндегі қолданыстағы аяқ жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, оның ішінде жол үстіндегі жол өтпелерін жөндеу және жаңаларын салу;

      өткел жолдарын жөндеу;

      сигнализаңияны, жол қозғалысын ұйымдастыру объектілерін (бағдаршамдар, жол белгілері, ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзғеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау), байланыс және жарықтандыру құралдарын орнату, ауыстыру және/немесе жөндеу, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді.

      24. Қауіпті ақаулықтарды және елеулі деформацияларды және жергілікті учаскелердегі жол төсемінің бұзылуларын жою кезінде негiздiң қабаты үшiн алынған материалды кейiннен пайдалану және төсемнiң жаңа қабатын салу арқылы қауiптi ақаулықтар мен бұзылуларды жою мақсатында төсемнiң енi бойынша жергiлiктi жерлердi қайлау орындалады.

4. Көшелер мен ондағы құрылыстарды орташа жөндеу

      25. Орташа жөндеу жолдың және ондағы құрылыстардың алғашқы пайдалану сапасын қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды кезеңді орындауды көздейді.

      26. Орташа жөндеу кезінде жол жамылғысының тозған қабатын және тегістілігін кезеңді қалпына келтіру, сондай-ақ жер төсемінің, су бұрғыштардың, жасанды, қорғау, бекіту, реттеу және басқа жол құрылыстарының бұзылуларын түзету жүргізіледі.

      Орташа жөндеу бойынша жұмыстар көлемдерін ведомстволық сараптаманы өту арқылы ақаулықтар ведомосі негізінде жасалған сметалық есептермен айқындалады.

      27. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын орташа жөндеу кезінде келесі жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және су бұрғыш бойынша:

      дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша учаскелерін көтеру және кеңейту, кішкене иірім учаскелерді жою;

      қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;

      тұрақты шымды жабынды құру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізу арқылы жер төсемі мен резервтердің жиектерін шөппен себу, опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау;

      жиектерді себу, шабу, жоспарлау және бекіту;

      2) жол жамылғылары бойынша:

      жетілдірілген қоспаларды қолданумен үстіңгі қабатты өндеу;

      асфальт-бетон қоспасының қажетті мөлшерін қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қалпына келтіру;

      жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды қолдану, оның үстіне кейіннен асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау және қалпына келтіру;

      шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын, сондай-ақ материалдар қолдану арқылы топырақты жолдарды қалпына келтіру;

      қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдармен жақсарту;

      жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұзақтығы 15 километрден аспайтын ұсақтасты және қиыршықтасты жабынды асфальт-бетонды жабынға ауыстыру;

      3) жасанды құрылыстар бойынша:

      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;

      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);

      аяқ жолдарға гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;

      су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;

      10 сантиметрден асатын отыру кезінде үйінділері бар көпірмен жанасқан тораптарды жөндеу (шағылтасты себу арқылы қосымша төсемнің есебінен тегістеу);

      үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;

      жол жамылғысын қалпына келтіру арқылы ауыспалы тақталардың жеке ығысуын жою;

      тақталарды ашу арқылы оларды жуу кезінде ауыспалы тақталардың астына топырақ себу;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      жұмыстар жол жамылғысы деңгейінде орындалған кезде шайырлы және резеңке толтыратындары бар жабық типті ақаулық жіктерді алмастыру;

      аяқ жолдардың ақаулық жіктерді алмастыру;

      аяқ жолдардың төсемдерін тегістеу, жаңа төсемді салу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жалпақ саңылаулардың шұңқырларын бітеу, аяқ жолдардың алдын қорғау төсемімен өндеу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жапсарларды басу және оқшаулау;

      аяқ жолдардың қалпына келтіру, жеке бұзылған блоктарды күшейту немесе алмастыру;

      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;

      оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;

      жеке секцияларды жөндеу, сүйеніштердің жеке тіректерінің анкерлерін күшейту;

      барлық ұзындығында немесе көпір құрылысы ұзындығының бөлігінде сүйеніштерді алмастыру;

      барлық ұзындығында сүйеніштерді сырлау;

      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;

      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және тағы басқалары);

      алдын ала-кернеулі темір-бетон және темір аралық құрылыстардың құрылыс көтермесін бақылау;

      көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жіктерді басу, аяқ жолдарына төсемдер салу;

      қоршауларды жөндеу немесе қайта жаңарту;

      материалдар мен құрылымдарды алмастыру арқылы ақаулық жіктерді жөндеу;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      аяқ жолдарды, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;

      көпірдің жүру бөлігіндегі судың бұрылуын жақсарту, су бұрғыш түтіктер мен терезелерді алмастыру;

      темір-бетон құрылымдарының алдыңғы бетін гидрооқшаулауды, басты арқалықтардың бетін сырлау;

      жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;

      темір аралық құрылыстарды тегіс сырлау;

      арқалықтардың бір-бірімен байланысуын қалпына келтіру;

      құрғатқыш пен су бұрғышты, өтпелі тақталарды алмастыру арқылы көпірдің үйіндімен жанасқан жерін жөндеу;

      жер төсемі және реттеу құрылыстары жиектерінің бекіткіштерін жөндеу;

      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;

      темір аралық құрылыстардың жеке элементтерін күшейту, алмаспайтын фермалары бар көпірлерде торлардың элементтерін түзету;

      аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;

      тірек бөліктерінің жобалық қалпын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіреу алаңдарындағы ағындыларды жөндеу және қалпына келтіру;

      қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;

      аралық құрылыстар мен тіректердің көру құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіректерді жөндеу;

      темір-бетон аралық құрылыстардың шығып тұрған жерлеріндегі тірек бөліктерін күшейту;

      құбырлардың жеке буындары мен бастарын алмастыру немесе жөндеу, оқшаулануы мен жапсарларын түзету;

      сүйеу қабырғаларын, бекіту және реттеу құрылыстарын жөндеу, галереялар мен бастырмаларды, сондай-ақ, олардың жеке элементтерін алмастыру;

      4) қозғалысты ұйымдастыру объектілері, байланыс, жарықтандыру, жолдарды салу мен жайластыру бойынша:

      жол учаскелеріндегі қолданыстағы аяқ жолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын және арық жүйесін жөндеу және салу;

      жаңа жеке қоршауларды салу, жөнделетін учаскелерде жаңа жол белгілерін және сілтеме құрылыстарын орнату және ауыстыру (қалпына келтіру), жеке айрықтарды, автокөлік тұрақтарын сәулеттік безендіруді және абаттандыруды қоса алғанда, қоршауларды жөндеу;

      өткел жолдарын жөндеу;

      сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру объектілерін (бағдаршамдар, электронды және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру құралдарын жөндеу және салу;

      автомобиль жолдарының ақпараттық жүйелерін және кешендерін, жеке жобалау белгілері мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлік және автоматтық басқару элементтері мен жүйелерін; ауыспалы ақпараты бар автономды және дистанциялық басқару белгілері мен таблоларын, бағдаршам объектілерін қалпына келтіру;

      автожолдарды (автопавильондар, тіреу қабырғалары, ақпараттық панно және басқа құрылыстар) салу элементтерін жөндеу.

5. Көшелер мен ондағы құрылыстарды күрделі жөндеу

      28. Автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жолдың және ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін арттыруға байланысты, атап айтқанда, қолданыстағы жолдың техникалық санатын өзгертусіз жол жамылғысы мен жол құрылыстарының мықтылығының ұлғаюымен кезеңдік жұмыстардың орындауын көздейді.

      29. Күрделі жөндеуге жататын жол учаскелері қызметтің жөндеу аралық мерзімінің негізінде және жол диагностикасының нәтижесінде белгіленеді.

      30. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстардың күрделі жөндеуі кешенді орындалады – барлық объектілерге, автомобиль жолдарының құрамында тұратын, жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға сәйкес күрделі жөндеуге жіберілетін, мемлекеттік сараптамадан өткен.

      31. Күрделі жөндеу кезінде жекелеген жолдарды қалай жоспарда болса, солай қапталды бойында жөнделіп жатқан жол учаскесінің жалпы ұзындығының ұзақтығы 25%-ға дейін түзетуге рұқсат беріледі.

      32. Жол-пайдалану қызметінің көпірлері мен жол өтпелерін, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар кешенін қызметтің жөндеу аралық мерзімінің және олардың диагностикалау нәтижелері негізінде жеке күрделі жөндеуге бағытталуына болады.

      Күрделі жөндеу кезінде келесі жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және субұрғыш бойынша:

      жер төсемін жөнделетін жол (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелету радиусын ұлғайту, бойлық еңістерін жұмсарту, тік иіндерін және жалтарыстарын құру) үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес нормаларға дейінгі оның геометриялық параметрлеріне жеткізумен түзету, жекелеген жол учаскелерін тіктету;

      жер төсемінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін шоқталған, шөккінделген және опырылған учаскелерді жою, оқшаулайтын қабатшаларды құру және басқа жұмыстар;

      қолданыстағыларды қалпына келтіру және қайта құру, сондай-ақ жаңа қажетті субұрғыш жабдықтарды, жағалық қорғау және эрозияға қарсы құрылыстарды салу;

      автомобиль жолдарындағы қиылыстар мен жанасуларында жер төсемдері мен субұрғыш жүйесін құру, сондай-ақ автомобильдерге аялдама, тұрақтар үшін алаңды жайластыру бойынша жұмыстарды орындау, аялдамалық павильондар мен аялдамалық қалташықтар орнату;

      жолдың күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар аймағында орналасқан жойылатын жол учаскелерін, жол бойындағы резервтерді қалпына келтіру;

      су тасқыны, сел, нөсерлік және басқа табиғат апаттарының салдарын жою;

      2) жол жамылғысы бойынша:

      жол жамылғысын нығайту (қалыңдату), кеңейту және регенирациялық және қолданыстағы жол жамылғыларын негізі ретінде қолдану арқылы ең жетілдірілген жол жамылғысы түрлерін жабдықтау, сондай-ақ қайта құрылып жатқан (жіктелетін) жол учаскелерінде және көліктік айырығы, инженерлік құрылғыда, аяқ жолдарда, өту және велосипед жолында, автобус аялдамасында және аялдау қалташаларында және автокөлік тұрағында жол жамылғысын жабдықтау;

      шағылтас пен қиыршық тас жамылғысын, сондай-ақ топырақ жолды жаңа материалдарды қосу арқылы түзету, тұтқыр материалдармен өту бөлігін жақсарту;

      жасанды және табиғи материалдардан жасалған тозған жиектастарды және жетілдірілген жамылғылар жиектеріндегі бекіту жолақтарын, соның ішінде негізгі жол жамылғысының түрі бойынша ауыстыру және жаңамен жабдықтау;

      3) жасанды құрылыс бойынша:

      металл көпірінің басты аралығы мен фермі элементтерін дұрыстау және нығайту;

      металл аралық құрылымын ауыстыру;

      көпірдің өтетін бөлігін ауыстыру;

      су өткізу құбырын салу және қайта салу;

      құбырлардың буыны мен ауызғы бетін ауыстыру және нығайту;

      зақымдалған құбырлар сақинасын ауыстыру;

      жаңа сақина мен ауызғы беті есебінен құбырдың ұзындығын өсіру;

      тіреуіш қабырғаларды, қорғаушы нығайтылатын және реттелетін құрылысты құру және қалпына келтіру;

      қайта салынған және жаңадан салынған көпірлерді сынау;

      4) жолдың қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша жолды жайластыру мен орналастыру;

      жолдардың немесе олардың жекелеген учаскелерін архитектуралық ресімдеу және орналастыру;

      аялдамалық, түсіру алаңын және автопавильонды жабдықау;

      аялдама немесе автомобиль тұрағына арналған алаңды, өту жолдарын (соның ішінде әртүрлі деңгейде), сондай-ақ, жол учаскелеріндегі аяқ жолдарды, жаяу жүргінші жолдарын жабдықтау;

      күрделі жөндеу өтіп жатқан учаскелерде тосқауыл шарбағын, бағыттайтын құрылғы мен жол белгілерін жаңадан жабдықтау немесе ауыстыру;

      желілік (телетайптық) жол құрылысының жекелеген жол учаскелерінде, көпірлерінде электрмен жарықтандыру немесе радиобайланыс пен технологиялық байланыстың басқа құралдарын жабдықтау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады