"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облыстық мәслихатының "Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 54-301 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3688 тіркелген, 2016 жылдың 09 ақпанында "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Қурманбаев Ерлан Бакытжановичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | М.Мальтекбасов |
Облыстық мәслихаттың | |
хатшысы | С.Дюсембинов |