Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы 6 наурыздағы "Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 02-17/8 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы 21 тамыздағы № 02-17/23 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 19 қыркүйекте № 4331 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 02-17/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 19.03.2018 № 02-17/6 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) сәйкес, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының "Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2017 жылғы 6 наурыздағы № 02-17/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4171 тіркелген, 2017 жылдың 13 сәуірінде "Огни Алатау" газетінде және 2017 жылдың 15 сәуірінде "Жетісу" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
      17, 18 - тармақтары жана редакцияда баяндалсын:
      "17. Көтермелеу балдары осы Әдістеменің 1-1-қосымшасына сәйкес ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады;
      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі қызмет түрлері атқарылған жұмыстың көлемі мен күрлілігінің өсу тәртібімен "+1"-ден "+5"-ке балға дейін бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылған. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін осы Әдістеменің 1-1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусының қызметшісіне тікелей басшымен балл қойылады.";
      осы қаулының қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшасымен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы Авдуғалиев Руслан Асқаровичқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Төраға Н. Акежанов

  Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы "6" наурыздағы № 02-17/8 қаулысына қосымша
  Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1-1-қосымша

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің көтермеленетін көрсеткіштері мен қызмет түрлері үшін балл шәкілдері

Балдар
Көтермеленетін көрсеткіштері мен қызмет түрлері
5 балл
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетімен әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізу
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясын беделін арттыруға бағытталған іс шараларды (форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқалар) ұйымдастыру және қатысу
Есеп комитетінің және басқа да мемлекеттік органдардың шұғыл және көлемді тапсырмаларын орындау
Есеп комитетіне және басқа да мемлекеттік органдардың мекен-жайына жіберілетін есептерді, талдамалық ақпараттарды сапалы және уақытылы дайындау
функционалдық міндеттерін орындау барысында мемлекеттік және (немесе) шет тілін қолдану
4 балл
қосымша зерделеуді немесе тексеруді талап ететін өтініштерді қарау
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметін реттеме құқықтық актілерді әзірлеу
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметі туралы БАҚ-та сөз сөйлеу
лауазымдарды қоса атқару және уақытша жұмыста болмаған мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін орындау
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 3 жылдық кезеңінің бюджеттік өтінімін уәкілетті органның ескертусіз қабылдауы
Тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды уақытылы және толық қамтамасыз ету
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы басшылығының баяндамалары мен ұсыныстарын дайындау
3 балл
бейне жазба және тыңдалым сценарийлерін әзірлеу, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметі туралы авторлық мақалалар және шығарылымдар дайындау
тағылымдамалық қызметті жүзеге асыру
әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын жүргізу
аудиторлық іс шаралар нәтижелері бойынша әкімшілік және (немесе) қылмыстық іс жүргізу қозғалуы
келісімдерге, шарттарға, оларға қосымша келісімдерге, техникалық ерекшеліктерге және аудиторлық іс шара құжаттарға сапалы құқықтық сараптама жүргізу
оқытуға жататын тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерін оқытуды толық қамтуды қамтамасыз ету (дайындау, қайта дайындау, арттыру)
мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтері бар құжаттармен жұмыс жасауға рұқсаттың болуы
2 балл
"Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттармен жұмыс жасау
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік сатып алу шарттарына техникалық ерекшеліктердің жобасын әзірлеу
жоғары тұрған ұйымдардың құжаттарын қабылдау, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының шұғыл құжаттарын жіберу үшін және мереке күндері жұмыстан тыс уақытта кезекшілік ету
1 балл
қосымша зерделеуді және тексеруді талап етпейтін өтініштерді қарау
ұжымның қоғамдық жұмысына қатысу (ұжымның спорттық және мәдени іс шараларына)

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады