Қаратал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 267 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 31 тамызда № 4326 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Жетісу облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 04.08.2023 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 8, 12-баптарына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаратал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Жетісу облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 04.08.2023 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Аскат Мейрамгалиевич Калиаскаровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Бисембаев

  Қаратал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "27" шілдедегі № 267 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жетісу облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 04.08.2023 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қаратал ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Қызмет саласы

Алатын алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауалар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Үштөбе қаласы, Абай көшесінің бойында,
Абылай хан және Әбдірахман ақын көшелерінің арасында, "Эдем и К" дүкеніне қарама-қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

90

5 жыл

"У Оли","Эдем и К" дүкендері

2

Үштөбе қаласы, Желтоқсан көшесінің бойында,
"Бәйтерек" сауда үйінің оң жағында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

32

5 жыл

"Даубай" дүкені

3

Үштөбе қаласы, Б.Момышұлы көшесінің бойында "Көксу" дүкенінің алдында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

32

5 жыл

"Көксу", "Сәлем" дүкендері

4

Ескелді ауылы, І. Жансүгіров көшесінің бойында,
Казпочта бөлімшесінің оң жағында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

60

5 жыл

"Радуга" дүкені

5

Жанаталап ауылы, Жамбыл және
Қ. Қоныспаев көшелерінің арасында "Аяжан" дүкенінің оң жағында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

60

5 жыл

"Аяжан", "Ернұр", дүкендері

6

Қаражиде ауылы,
Д. Қонаев және Е. Шалқошқаров көшелерінің қиылысында, "Нұр" тойханасына қарама қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

60

5 жыл

жоқ

7

Шумек, Талдықорған-Үштөбе тас жолының 22 километрі

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

60

5 жыл

жоқ

8

Бастөбе ауылы, Комаров көшесінің бойында, "Тан" дүкенінің оң жағында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

60

5 жыл

"Тан", "Шанс", "Лилия" дүкендері

9

Бастөбе ауылы, Юн көшесі, "Юбилейный" мейрамханасының алдында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

60

5 жыл

жоқ

10

Кәлпе ауылы,
Р. Бикенов көшесінің бойында, Казпочта бөлімшесінің қарама қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

60

5 жыл

"Азат", "Еламан" дүкендері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады