Сарқан ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 27-119 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 21 желтоқсанда № 4443 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы № 40-171 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 15.06.2018 № 40-171 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызметін Сарқан ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының "Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер, экология жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Ж. Доланбаева
      Сарқан аудандық
      мәслихатының хатшысы Қ. Абдрахманов

  Сарқан аудандық мәслихатының 2017 жылғы "30" қарашадағы № 27-119 шешіміне қосымша

Қызметін Сарқан ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есепті көрсеткіш)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

3

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3.

Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

3

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады