Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылындағы жаңа көшеге атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 2 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 9 наурызда № 4119 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бесағаш ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 27 қыркүйектегі облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар ауданының Бесағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылының жаңа көшесіне "Нұрқайымбай Дәркенбаев" атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды ауылдық округі әкімнің орынбасары М. Джамашеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі М. Алибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады