"Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы"

Күшін жойған

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 наурызда № 3355 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің 28.09.2018 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және Байзақ ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысының 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 1 хаттамасы негізінде, Байзақ ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байзақ ауданы Диқан ауылдық округі аумағында Тараз айналма жолындағы Талас өзені көпірінде (ПК 84+91,2) апатты жағдайдың туындауы мүмкін болуына байланысты объектіде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Сұлтанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады