"Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Байзақ ауданы әкімінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 қазанда № 3966 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Байзақ ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Байзақ ауданы әкімінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3355 болып тіркелген, 2017 жылдың 5 сәуірдегі аудандық "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінде, 2017 жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дулат Әбенұлы Сұлтанбековке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р.Рахманбердиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады