2018 жылға Байзақ ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 366 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 3629 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Байзақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Байзақ ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санынан пайыздық көрсетілімінде 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Байзақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота шараларының ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Сағындық Жұмағұлұлы Кенжебаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Рахманбердиев

  Байзақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы
№ 366 қаулысына қосымша

2018 жылға Байзақ ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар

Жұмыс керлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

Жұмыс керлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Түймекент-2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

25

4 %

1

4 %

1

2

"Достық-99" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

25

4 %

1

4 %

1

3

"ROLA-7" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

58

2 %

1

0

0

4

"Рауан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15

4 %

1

0

0

5

"Таза ауыл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4

2 %

1

0

0

6

Жеке кәсіпкер "Қалмұратов"

2

2 %

2

0

0

7

"Даулет" шаруа қожалығы

2

2 %

1

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады