2017 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 43 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 наурызда № 3330 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қордай ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар үшін 2017 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
      2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      3. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Тілебалдыұлы Жамангозовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Досаев

  Қордай ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 15 ақпандағы
№ 43 қаулысына 1-қосымша

2017 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар


Ұйымның атауы
Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар
Жұмыскерлердің тізімдік санынан %
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
"Қордай ауданы әкімдігінің ветеринариялық қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
120
1%
1
2
"Қордай аудандық әкімдігінің мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
205
1%
2
 
Барлығы:
325
 
3

  Қордай ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 15 ақпандағы
№ 43 қаулысына 2-қосымша

2017 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар


Ұйымның атауы
Жыл басындағы жұмыскерлер дің тізімдік саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар
Жұмыскерлердің тізімдік санынан %
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
Жұмыскерлердің тізімдік санынан %
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
"Қордай ауданы әкімдігінің ветеринариялық қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
120
-
-
1%
1
2
"Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
76
1,32%
1
1,32%
1

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады