Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қордай ауылдық округінің Қордай ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Алматинская көшесі – Алматы;
Кордайская көшесі – Қордай;
Береговая көшесі – Көлтоған;
Восточная қосалқысы – Шығыс қосалқысы;
Джужба көшесі – Достық;
Космонавтов көшесі – Ғарышкерлер ;
Мира көшесі – Бейбітшілік;
Молодежная көшесі – Жастар;
Озерная көшесі – Көлсай;
Подгорная көшесі – Көктөбе;
Центральная көшесі – Орталық.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қордай ауылдық округі әкімі | М. Атшабаров |