Алға ауылдық округінің Мұзбел ауылындағы көшелер атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы Алға ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 1 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 ақпанда № 3298 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, 2016 жылғы 8 желтоқсандағы Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алға ауылдық округінің Мұзбел ауылының көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      Комсомольская көшесі - Асуға;
      Пионерская көшесі - Таусамалына;
      Фрунзе көшесі - Қайнарға;
      Мир көшесі - Ақшоқыға.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е. Салимбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алға ауылдық округінің әкімі Н. Жаманкозев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады