Меркі ауданы әкімиятының 2003 жылдың 27 № 111 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі аудандык әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 09 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 ақпанда № 3312 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 8 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меркі ауданы әкімиятының 2003 жылдың 27 мамырындағы "Ауданда жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1009 болып тіркелген, 2003 жылғы 30 шілдеде "Меркі тынысы-Меркенский вестник" газетінде жарияланған) № 111 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік- құқықтық және ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Акек Ербол Базарбаевичке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Өмірбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады