РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меркі ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар үшін 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлерінің жалпы санынан квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Меркі ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Меркі аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қасым Марат Жарылқасынұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Өмірбеков |
Меркі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 356 қаулысына қосымша |
2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері | |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар | ||||
Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | Жұмыс орындарының саны (бірлік) | |||
1 | "Меркі ірімшік зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 147 | 2 | 3 |
2 | "Жылыбұлақ- Меркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 120 | 2 | 2 |
Всего | 5 |