РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 175 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2691 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 шілдесінде "Мойынқұм таңы" газетінде жарияланған) және "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 175 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы №195 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3095 болып тіркелген, 2016 жылдың 3 маусымында "Мойынқұм таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сәбит Мәденұлы Оразымбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | М. Естаев |