Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы 05.07.2017 № 122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы №175 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2691 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 шілдесіндегі № 68 (6061) "Мойынқұм таңы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мойынқұм ауданы әкімдігінің Регламентiнде:
18 тармақтағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" деген сөздер "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сәбит Мәденұлы Оразымбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Нүркенов |