Көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 20 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 3408 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 29 наурыздағы қорытындысын және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық округінің Коммунальная көшесі Ділдахан Үдербаев болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Т. Копбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады