Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2016 жылдың 8 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарақыстақ ауылдық округінің Тасшолақ ауылындағы Разъезд 3641 казарма көшесі Теміржолшы болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Омаров Исатай Файзуллаевичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | О. Танкеев |