Сарысу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 29 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 наурызда № 3358 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарысу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Жарықбасовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Нарбаев

  Сарысу ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 1 наурыздағы
№ 29 қаулысына қосымша

Сарысу ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі:

      1. "Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2015 жылы 5 ақпанда № 2498 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 ақпандағы № 15-16 аудандық "Сарысу" газетінде жарияланған);
      2. "Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 48 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2015 жылы 18 наурызда № 2582 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырдағы № 54 аудандық "Сарысу" газетінде жарияланған);
      3. "Сарысу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 127 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2015 жылы 3 шілдеде № 2690 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 шілдедегі № 77-78 аудандық "Сарысу" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады