РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бостандық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бостандық ауылдық округі Бостандық ауылындағы Жеңістің 40 жылдығы көшесі Нұрлы жол көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р.Айғараевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бостандық ауылдық | |
округінің әкімі | М. Рысдәулетов |