Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Шу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Шу ауданы әкімінің 2016 жылғы 21 қарашадағы №4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3242 болып тіркелген, 2016 жылдың 17 желтоқсанында "Шу өңірі" газетінде, 2016 жылдың 15 желтоқсанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Бақытжанұлы Есеевке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Дәулет |