Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 21.06.2018 № 29-7 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
3. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Шу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы № 45-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2845 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсандағы аудандық "Шу өңірі" № 104 газетінде жарияланған) шешімі;
2) "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Шу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы № 45-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шу аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 18 ақпандағы № 50-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2993 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 наурыздағы аудандық "Шу өңірі" №32 газетінде жарияланған) шешімі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, байланысты, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрайымы | Мәслихат хатшысы |
А. Жандабаева | Е. Өмірәлиев |