Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы № 45-2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 желтоқсанда № 2845 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 тамыздағы № 16-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 14.08.2017 № 16-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 18.02.2016 № 50-5 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 444 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 18.02.2016 № 50-5 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      1. алып тасталды – Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 18.02.2016 № 50-5 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрайымы Мәслихат хатшысы
      А. Молдашева Б. Саудабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады