"Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Шу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы № 45-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 50-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 наурызда № 2993 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 тамыздағы № 16-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 14.08.2017 № 16-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 444 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Шу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы № 45-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2845 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 104 аудандық "Шу өңірі" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы"
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 444 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      аталған шешімнің 1 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      І. Тортаев Б. Саудабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады