Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 61/03 "Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 55/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 4355 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 61/03 "Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3946 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 14 қыркүйегінде, 2016 жылдың 15 қыркүйегінде № 120 (22065) "Индустриальная Караганда", 2016 жылдың 15 қыркүйегінде № 150-151 (22256) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      нұсқалған қаулының 2 тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі Е. Қошанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады