Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 61/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 қыркүйекте № 3946 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумағын құру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумағы құрылсын.

      2. Алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 05.09.2017 № 55/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы А. Дүйсебаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитеті
төрағасының міндетін атқарушы_________ Қ. Үстеміров

      2016 жылғы "____" "___________"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады