Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 8/90 "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 12/129 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 қыркүйекте № 4345 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 20/187 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 27.03.2018 № 20/187 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 8/90 "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4194 тіркелген, 2017 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 13 (8026) "Сарыарқа" газетінде, 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 13 (168) "Жезказганский вестник" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінің 17-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "17. Көтермелеу баллдары осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес көтермеленетін қызмет түрлеріне балл шәкілдері бойынша (бұдан әрі – балл шәкілдері) көрсетілген қызмет түрлері үшін қойылады.";

      18-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "18. Көтермеленетін қызмет түрлері "+1"-ден "+5"-ке дейінгі бес деңгейлік шәкіл бойынша бөлінеді. Бұл ретте, көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлерінің санына Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіруі мүмкін.

      Әр көтермеленетін қызмет түрі үшін "Б" корпусының қызметшісіне тікелей басшысымен балл шәкілдері бойынша балл беріледі.";

      осы шешімнің қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Муханбедин
      Қалалық мәслихаттың хатшысы С. Медебаев

  Жезқазған қалалық мәслихатының
2017 жылғы 15тамыздағы
№ 12/129 шешіміне
қосымша
  "Жезқазған қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінде
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
5-қосымша

"Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің көтермеленетін қызмет түрлеріне балл шәкілдері

Баллдары

Көтермеленетін қызмет түрлері

5 балл

мемлекеттік мекеменің беделін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру (семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқалар)

қалалық мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссияларының құқықтық актілерін әзірлеу

қалалық мәслихат хатшысының өкімдерін әзірлеу

мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу

мемлекеттік мекеменің мемлекеттік сатып алу шарттарына техникалық ерекшеліктердің жобасын әзірлеу

қалалық мәслихат депутаттарына және аппарат қызметшілеріне оқыту семинарларын, дәрістер, түсініктеме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу

қалалық мәслихат аппаратының кеңестері мен комиссиялары отырыстарын өткізуді ұйымдастыру және жұмысына қатысу

4 балл

қалалыққ мәслихат хатшысының баяндамалары мен сөйлейтін сөздерін дайындау

мемлекеттік мекеменің және қалалық мәслихат депутаттарының қызметі туралы мақалалар және шығарылымдар дайындау

қосымша зерделеуді және тексеруді қажет ететін өтініштерді қарау

қалалық мәслихат хатшысының шұғыл тапсырмаларын орындау

келісімдерге, шарттарға, оларға қосымша келісімдерге, техникалықерекшеліктерге құқықтық сараптама жүргізу

лауазымдық міндеттерін тікелей орындауда мемлекеттік және (немесе) шет тілін қолдану

3 балл

лауазымдарды қоса атқару және уақытша жұмыста болмаған мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін орындау

тағылымдамалық қызметті жүзеге асыру

қосымша зерделеуді және тексеруді талап етпейтін өтініштерді қарау

2 балл

мемлекеттік мекеменің интернет-сайтында жариялауға жататын ақпараттық материалдарды мерзімінде орналастыруды қамтамасыз ету

бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін ақпараттарды дайындау

жоғары тұрған ұйымдардан құжаттар қабылдау және аппараттың шұғыл құжаттарын жіберу үшін жұмыстан тыс уақытта кезекшілік ету

1 балл

жұмыс топтарының жұмысына қатысу

ұжымның қоғамдық өміріне (жұмысына) қатысу (спорттық және мәдени іс шараларға)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады