Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/28 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 наурызда № 4163 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 10/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 04.02.2021 № 10/01 (алғаш ресми жарияланған күнен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарды квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сәтбаев қаласының ұйымдарында ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ұйымдардың жұмыс берушілері белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.Қ. Төлендинаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі А.А. Ыдырысов

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "7" ақпандағы № 06/28
қаулысының қосымшасы

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 24.04.2020 № 24/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Реттік №

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін қажет саны (адам)

1.

"Күншуақ" № 33 балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

58

2

1

2.

"Нұрбөбек" № 5 балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

60

2

1

3.

"С.Сейфуллин атындағы гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекеме

90

2

2

4.

"Сәтбаев қаласының № 1 мектеп -гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекеме

130

3

4

5.

"Абай атындағы № 4 мектеп - лицей" коммуналдық мемлекеттік мекеме

145

3

4

6.

"№ 9 жалпы білім беру мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекеме

74

2

1

7.

"№ 19 жалпы білім беру мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекеме

106

3

3

8.

"Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

193

3

6


Барлығы

856

-

22



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады