Сәтбаев қаласының әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 10/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 ақпанда № 6179 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарының негізінде Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Төлендинаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі А. Идрисов

  Сәтбаев қаласы
әкімдігінің
2021 жылғы 4
ақпандағы
№ 10/01
қаулысына қосымша

Сәтбаев қаласының әкімдігінің кейбір күші жойылған каулыларының тізбесі

      1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 07 ақпандағы № 06/28 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4163 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2017 жылғы 24 наурызда, "Шарайна" газетінде 2017 жылғы 31 наурыздағы № 12 (2253) жарияланған) қаулысы.

      2. Сәтбаев қаласының әкімдігінің "Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/28 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 29 мамырдағы № 32/03 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5374 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2019 жылғы 14 маусымда, "Шарайна" газетінде 2019 жылғы 7 маусымдағы № 22 (2367) жарияланған) қаулысы.

      3. Сәтбаев қаласының әкімдігінің "Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/28 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 24/01 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5807 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2020 жылғы 28 сәуірде жарияланған, "Шарайна" газетінде 2020 жылғы 1 мамырдағы № 17 (2414) жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады