2018 жылға арналған Саран қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-аналар төлемінің мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 50/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 қаңтарда № 4588 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, 2018 жылға арналған Саран қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-аналар төлемінің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Оспановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі Е. Темирханов

  Саран қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "28" желтоқсаны
№ 50/05 қаулысына
қосымша

Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, 2018 жылға арналған Саран қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-аналар төлемінің мөлшерін бекіту туралы

№ р/р

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік - аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы ата-ананың бір айдағы ақы төлеу мөлшері 3 жасқа дейін (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы ата-ананың бір айдағы ақы төлеу мөлшері 3 жастан 7 жасқа дейін (теңге)

1

Саран қаласы

"Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Колокольчик" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

205

8900

10200

2

Саран қаласы

"Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Малыш" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

127

8900

10200

3

Саран қаласы

"Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Березка" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

105

8900

10200

4

Саран қаласы

"Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Колобок" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

120

8900

10200

5

Ақтас кенті

"Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аленушка" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

115

8900

10200

6

Саран қаласы

"Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балғын" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

280

8900

10200

7

Саран қаласы

"Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сәуле" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

333

8900

10200

8

Саран қаласы

"Бақыт" балалар бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

305

8900

10200

9

Ақтас кенті

"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің № 16 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күнмен болатын мектепке дейінгі шағын орталық

75


9000

10

Саран қаласы

"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің № 7 жалпы білім беретін мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күнмен болатын мектепке дейінгі шағын орталық

14


9000

11

Ақтас кенті

Толық күнмен болатын мектепке дейінгі шағын орталық "РЫСТЫ GROUP" жеке кәсіпкерлігі

75


10200


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады