Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағының негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Құлаайғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Құлаайғыр ауылындағы көшелер келесідей:
1) Советская көшесі Сарыарқа көшесі;
2) Мира көшесі Бейбітшілік көшесі;
3) Карл Маркс көшесі Тәуелсіздік көшесі;
4) Титов көшесі Достық көшесі;
5) Гагарин көшесі Әлихан Бөкейханов көшесі;
6) Нуркен Абдирова көшесі Нұркен Әбдіров көшесі;
7) Абая көшесі Абай Құнанбайұлы көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Н.С. Кенжебаев |