Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 21 сессиясының № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 шілдедегі 14 сессиясының № 136 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 шілдеде № 4326 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 470 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 30.12.2020 № 470 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 21 сессиясының № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2629 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 мамырдағы "Тоқырауын тынысы" газетінің № 21 (7441) санында, 2014 жылғы 21 шілдедегі "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданындағы әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасында 14-1 тармағымен толықтырылсын:

      "14-1. Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек кірісті есепке алмай, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттарына жылу беру маусымының 7 айына (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) әлеуметтік көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі ауданның уәкiлеттi органының ұсынымына сәйкес тiзiм бойынша көрсетiледi.

      Отбасында екі немесе одан да көп адамдардың ай сайынғы коммуналдық қызметтерге материалдық көмек алуға құқығы болған жағдайда төлем отбасы мүшелерінің таңдауы бойынша тек біреуіне ғана төленеді.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Мангишев
      Мәслихат хатшысы Р. Әбеуов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ақтоғай аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
      __________________ М. Оңғарқұлов

      2017 жылғы 11 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады