Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Бұқар жырау ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы бекітілсін.
2. "Бұқар жырау ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Арман Шалиевич Дардаковқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ш. Мамалинов |
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсан № 50/01 қаулысына қосымша |