Қарқаралы ауданы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 20 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 4143 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

      1) Қарқаралы ауданында қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін;

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін;

      3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі К. Максутов

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 24 қаңтардағы
№ 20 қаулысына 1 қосымша

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарқаралы ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызмет-керлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі
(% қызмет-керлердің тізімдік санынан)

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі

215

1

2

2

"Қарқаралы ауданының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

456

1

5

3

"Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

334

1

3


  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 24 қаңтардағы
№ 20 қаулысына 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарқаралы ауданының ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызмет-керлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі
(% қызмет-керлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны

1

"Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі

215

1

2

2

"Қарқаралы ауданының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

456

1

5

3

"Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

334

1

3

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 24 қаңтардағы
№ 20 қаулысына 3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарқаралы ауданының ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызмет-керлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызмет-керлердің тізімдік санынан)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының
саны

1

"Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі

215

1

2

2

"Қарқаралы ауданының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

456

1

5

3

"Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

334

1

3

4

"Қарқаралы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

50

1

1

5

"Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

86

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады